«Барыс» «Cалават Юлаевтан» жеңіліп қалды

Фото: Фото: «Барыс» ХК

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 15 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізді.

Өткен ойында жеңіске жеткен елордалық команда сол жетістігін тағы бір мәрте қайталауға тырысты. Десе де оған «Салават Юлаев» хоккейшілері мүмкіндік берген жоқ. Алғашқы минуттан тізгінді өз қолына алуға тырысты.

Кездесуді реселік клуб белсенді бастады. Ойынның 12-минутында Артем Пименов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ал Деннис Ян 21, Шелдон Ремпал 53-минутта есепті үстемелей түссе, одан кейін елордалық клубтан Максим Мухаметов 54-минутта мергендік танытты.

Ресейлік клубтан Александр Шаров 57-минутта ойынның нүктесін қойды.

Осылайа елордалық команда 1:4 есебімен қарсыласына есе жіберді.

Бұл жеңілістен кейін «Барыс» турнир кестесінде 22 орында тұрса, «Салават Юлаев» 7 орынға көтерілді. 

Екі команда бұған дейін 63 мәрте кездескен. Оның 27-сi елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен. Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі бір ойынын сырт айдында өткізіп, 17 қарашада «Сочи» командасымен шеберлік байқасады.