«Барыс» Джереми Браккомен келісімшартты тоқтатты

Фото: Фото: Sports.kz

Астананың «Барыс» хоккей клубы америкалық шабуылшы Джереми Браккоға қатысты шешімін мәлім етті. Kazinform бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Барыс» хоккей клубы екіжақты келісім бойынша Джереми Браккомен келісімшарт тоқтайтынын ресми мәлімдейді», - деп хабарлады қазақстандық команданың баспасөз қызметі.

26 жастағы шабуылшы «Барыс» сапына 2022/23 жылғы маусым алдында қосылып, 59 ойында 40 ұпай жинады (14+26).

Бұған дейін Бракко астаналық клубтан кеткеннен кейін ресейлік «Сочиге» ауысқаны белгілі болған.