«Барыс» хоккей клубы екіжақты келісім бойынша Джереми Браккомен келісімшарт тоқтайтынын ресми мәлімдейді», - деп хабарлады қазақстандық команданың баспасөз қызметі.
26 жастағы шабуылшы «Барыс» сапына 2022/23 жылғы маусым алдында қосылып, 59 ойында 40 ұпай жинады (14 26).
Бұған дейін Бракко астаналық клубтан кеткеннен кейін ресейлік «Сочиге» ауысқаны белгілі болған.