«Барыс» елордада «Витязь» командасына есе жіберді

Фото: Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

  Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Kazinform.

Екі команда да биылғы турнирді өте сәтсіз өткізіп келеді. Елордалық команда 22-орында тұрса, «Витязь» 21-орынға орналасқан.

Жанкүйерлер бүгінгі кездесуде қазақстандық команда жеңіске жетеді деген үмітте болған еді. Алғашқы минуттарда «Барыстың» басымдығы байқалды.

Нәтижесінде 1-минутта Кирилл Савицкий «Барысты» алға шығарды.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Одан ресейлік команда қатарынан бес шайба соғып кетті. Бұл голдарды Иван Савчик 3, Дерек Барак 10, Александр Дарьин 26, Скотт Уилсон 46, Александр Яремчук 47-минутта өздерінің еншісіне жазды.

Ойынның 58-минутында қазақстандық Аркадий Шестаков қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 2:5 есебімен есе жіберді.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Енді «Барыс» алдағы ойынын 30 қарашада елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» овертаймда «Нефтехимиктен» басым түсті.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform