«Барыс» хоккей клубы жаңа бапкерлер құрамын таныстырды

Фото: Фото: olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM - «Барыс» хоккей клубы команданы жаңа маусымда жаттықтыратын бапкерлер кеңесін таныстырды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Команданың бас бапкері – Дэвид Немировски.

Қазіргі таңда бапкерлер кеңесіне төмендегі мамандар енді:

Евгений Королев, Талғат Жайлауов, Макс Маркович және хоккейшілердің физикалық дайындығына жауап беретін Стив МакГичи.

Бұған дейін астаналық клуб сапына ресейлік ойыншы Дамир Жафяров қосылған болатын. Оның келісімшарты бір жылға жарамды.