АСТАНА. KAZINFORM - «Барыс» хоккей клубы команданы жаңа маусымда жаттықтыратын бапкерлер кеңесін таныстырды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Команданың бас бапкері – Дэвид Немировски.
Қазіргі таңда бапкерлер кеңесіне төмендегі мамандар енді:
Евгений Королев, Талғат Жайлауов, Макс Маркович және хоккейшілердің физикалық дайындығына жауап беретін Стив МакГичи.
Бұған дейін астаналық клуб сапына ресейлік ойыншы Дамир Жафяров қосылған болатын. Оның келісімшарты бір жылға жарамды.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.