АСТАНА. KAZINFORM - «Барыс» хоккей клубының бас директоры Борис Иванищев қызметінен кетті.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Борис Иванищев 2006-2018 жылдар аралығында елордалық клубта вице-президент міндетін атқарды. 2018 жылдан бері президент қызметінде болды.
2022 жылдан бері «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына шыға алмай келеді. Биыл команда он төрт ойынның небәрі екеуінде жеңіске жетіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберді. Салдарынан команда турнир кестесінде ең соңғы орынды місе тұтып тұр.
Жаңа маусым басында команда сәтсіздігіне байланысты канадалық маман Дэвид немировски «Барыстың» бас бапкері қызметінен кетті. Оның орнына ресейлік маман Вячеслав Буцаев тағайындалды.
Борис Иванищев 1965 жылы дүниеге келген. Спорттық мансабында Теміртаудың «Болат» командасында ойнаған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.