«Барыс» хоккей клубының «Северстальмен» матчы Череповецте өтеді

Бүгін, 3 желтоқсанда Ресейдің Череповец қаласында Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионат матчында «Северсталь» ұжымы өз алаңында қазақстандық «Барысты» қабылдайды. Kazinform бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

37 ойыннан кейін «Барыс» қоржынында 29 ұпай болса, «Северсталь» 36 ойында 37 ұпай жинаған. «Барыс» тұрақты біріншіліктің кейінгі ойынында өз алаңында лига көшбасшысы — Магнитогорскінің «Металлургін» тас-талқан етті (5:2). Ал «Северсталь» сырт алаңда Новосібірдің «Сибирь» командасын 2:1 есебімен жеңді.

«Северстальмен» ойыннан кейін «Барыс» сырт алаңдағы сериялар аясында тағы төрт матч өткізеді. Ол «Авангард», «Сибирь», «Салават Юлаев» және «Нефтехимикпен» ойнап, кім мықтыны анықтайды.

Бұған дейін «Барыс» алдағы үш матчқа ойыншылар тізімін бекіткенін жазған болатынбыз.