«Барыс» хоккейшілері бүгін елордада «Сибирьмен» кездеседі
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу бүгін, 30 қыркүйекте 18:00-дe басталады.
Екі команда бұған дейін 52 мәрте кездесті. Оның 23-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.
Қос команда биылғы маусымда үш мәрте кездесіп үлгерді. Олардың барлығында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Турнир кестесінде «Барыс» 11 ойыннан кейін 10 ұпаймен 19-орында тұрса, «Сибирь» 13 ұпаймен 10-орынға орналасты.
Айта кетейік, елордалық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді. Соңғы он ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.
«Барыс» бұдан кейін үш кездесуін сыртта өткізеді. Алдымен, 2 қазанда Беларусьте «Динамо» (Минск) командасымен кездессе, одан кейін Ресейде ЦСКА (Мәскеу), «Витязь» (Подольск) клубтарымен шеберлік байқасады.