«Барыс» хоккейшілері бүгін Ресейдің ЦСКА командасымен кездеседі
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде ЦСКА (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу бүгін, 2 қазанда 22:30-да басталады.
Екі команда бұған дейін 29 мәрте кездесті. Оның 10-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.
Турнир кестесінде «Барыс» 13 ойыннан кейін 10 ұпаймен 20-орында тұрса, ЦСКА 13 ойыннан кейін 13 ұпаймен 13-орынға орналасты.
Айта кетейік, елордалық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді. Соңғы он ойынның небәрі үшеуінде жеңіске жетті.
«Барыс» бұдан кейін 6 қазанда «Витязь» (Подольск) клубымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасына бас бапкер тағайындалды.