«Барыс» қатарынан үшінші мәрте жеңіліп қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 24 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізді.
Қазір турнир кестесінде «Барыс» 21 ұпаймен 22-орында тұрса, «Трактор» 50 ұпаймен 4-орында келеді.
Алғашқы минуттан ресейлік команда тізгінді қолға алуға тырысты. Нәтижесінде бірінші кезеңде қатарынан екі шайба соғып кетті. Оны Егор Попов 4, Виталий Кравцов 6-минутта өзінің еншісіне жазды.
Екінші кезеңде де ресейлік клубтың басымдығы байқалып тұрды. Нәтижесінде Максим Шабанов 21-минутта мергендік танытса, Семён Дер-Аргучинцев 33-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Ойынның 38-минутында «Барыс» хоккейшісі Станислав Бочаров есеп айырмасын қысқартты.
Үшінші кезеңде ресейлік клубтан Остап Сафин 50-минутта гол соқса, Кирилл Савицкий 50, Антон Бурдасов 59-минутта өз мүмкіндігін тиімді пайдалана алды.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 3:5 есебімен есе жіберді.
Елордалық клуб қатарынан үшінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татып, турнир кестесіндегі жағдайын қиындата түсті.
Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі бір ойынын қатарынан елордада өткізіп, 26 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір) клубымен шеберлік байқасады.