АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 5 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейдің «Лада» (Тольятти) командасына қарсы өткізді.
Қазақстандық команда сәтсіздік сериясын тоқтата алар емес. Бүгінгі ойынға дейін олар 15 кездесудің небәрі біреуінде жеңіске жетті. Қалғанында қарсыластарына есе жіберіп, турнир кестесіндегі жағдайын қиындата түсті. Жанкүйерлер «Ладамен» ойында сол олқылықтың орнын толтыруға күш салатынына үміт артты. Ресейлік клуб та турнир кестесінде «Барыспен» қатарлас тұр.
Кездесу барысында қазақстандық команда шабуылға шықты. Дегенмен діттеген мақсатына жете алған жоқ. Есесіне бірінші кезеңде өз қақпасына үш гол жіберіп алды.
Қалған екі шайбаны екінші және үшінші кезеңде соққан ресейлік команда сенімді түрде 3:0 есебімен басым түсті. Елордалық клуб жетінші ойын қатарынан жеңіске жете алар емес.
Енді «Барыс» алдағы ойынын 7 қаңтарда елордада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) клубына қарсы өткізеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.