АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық хоккейшілер Әлихан Әсетов, Самат Данияр және Тамирлан Гайтамировпен 2028 жылдың 31 мамырына дейін елордалық «Барыс» командасында ойнайтын болды.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Өскемен хоккей мектебінің түлегі Әлихан Әсетов 1996 жылы дүниеге келген. 2012 жылы өз қаласының «Казцинк»-Торпедо» клубында алғашқы ойынын өткізген ол 2013 жылдан бері «Барыс» құрамына қабылданды. Ал 2016 жылдан бері ұлттық құрамада ойын көрсетеді.
Астана хоккей клубының түлегі Самат Данияр 1999 жылы дүниеге келген, 2019 жылдан бері «Барыс» құрамына қабылданды. 2020 жылдан бері ұлттық құрама сапында ойын көрсетеді.
Тамирлан Гайтамров биыл 25 жасқа толды. 2020 жылдан бері елордалық клуб намысын қорғайды, ұлттық құрама хоккейшісі.
Айта кетсек, «Барыс» биыл Құрлықтық хоккей лигасында 24 ұпаймен 22-орында тұр.
Енді елордалық клуб 30 желтоқсанда Ресейдің «Cалават Юлаев» (Уфа) клубымен шеберлік байқасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.