«Барыс» командасы бүгін Ресейде «Нефтехимик» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Кездесу бүгін, 19 желтоқсан күні, елорда уақытымен сағат 22:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 44 мәрте кездесті. Оның 26-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 41 ойыннан кейін 31 ұпаймен 23-орында тұр.

Aл «Нефтехимик» 40 ойыннан кейін 36 ұпаймен 18-орында келеді.

Айта кетсек, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Соңғы 10 ойынның небәрі төртеуінде жеңіске жетті.

Айта кетсек, бұдан бұрын елордалық командаға бас бапкер міндетін атқарушы қызметіне Олег Болякин тағайындалды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» Ресейде «Салават Юлаевтан» жеңілді.