«Барыс» командасы бүгін «Трактормен» кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform .

Фото: Sports.kz

Кездесу бүгін, 5 қаңтар күні, елорда уақытымен сағат 17:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 55 мәрте кездесті. Оның 31-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 46 ойыннан кейін 39 ұпаймен 19-орында тұр.

Ал «Трактор» 47 ойыннан кейін 55 ұпаймен 10-орында келеді.

Елордалық клуб соңғы 10 ойынның алтауында қарсыластарын қапы қалдырды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетті.