«Барыс» командасының бас директоры: Жастарға өздерін көрсетуге мүмкіндік беруіміз керек

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА.KAZINFORM – Елордалық «Барыс» хоккей клубының басшылығы бүгін «Барыс Арена» баспасөз орталығында БАҚ өкілдерімен кездесті.

«Барыс» командасының бас директоры Нұрлан Оразбаев маусымды қортындылып, алдағы маусымның стратегиясы туралы және легионерлер туралы айтып берді.

Клуб басшысы «Барыс» ойыншылары маусымды жақсы аяқтағанын және жаңа команда жасақталғанын айта кетті.

Оның сөзінше, команда сапында 16 жас ойыншы Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) дебют жасап, олардың қатарында 18 жасар Александр Симахин және Раты Дурглишвили ересектер арасында алғашқы шайбасын соққан.

Сонымен қатар, Нұрлан Оразбаев легионерлер туралы пікір білдірді.

– Біріншіден, Солтүстік Американың ойыншыларын шақыруға қаржылық мүмкіндігіміз жоқ. Бізде жақсы мектеп бар. Бұл күнде елімізде 39 хоккей мектебі жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар бізде бір команда ҚХЛ-да ойнайды. Біз жастарға өздерін көрсетуге мүмкіндік беруіміз керек, олар осы деңгейді сезінуі керек, - деді ол.

Клуб басшысының айтуынша, команда жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін, жоғары деңгейдегі легионерлер керек.

– Біз Солтүстік Америка ойыншыларын не үшін шақырғанымызды түсінуіміз керек. Егер қазір үздік сегіздікке ену туралы айтатын болсақ, онда 7-8 адам (легионер) керек. Олардың деңгейі жоғары болуы және алаңда көп уақыт ойнауы керек. Олар біздің ойыншылардың уақытын алады. Жалпы, біз деңгейді көтеруіміз керек. Оның үстіне легионерлерге қатысты заң кеше мақұлданды, біздің төлеуге мүмкіндігіміз жоқ,- деді Нұрлан Оразбаев.

«Барыс» командасының бас директоры қаржылық теңгерімсіздік бар екенін жасырмады. Оның сөзінше, қаржы мәселесі шешілмейінше, клуб қымбат шетелдік ойыншылардан бас тартады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын мақұлдады.

ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, хоккей спортында қазір 109 легионер бар.