«Барыс» «Куньлунь Ред Стар» командасынан жеңіліп қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің) командасына қарсы өткізді.
Биыл аталған турнирде қазақстандық команданың жолы болар емес. Соңғы тоғыз кездесудің небәрі біреуінде ғана жеңіске жеткен елордалық клуб турнир кестесінде соңғы орындардың біріне місе тұтып тұр.
Қатарынан сегіз мәрте жеңілістің ащы дәмін татқан «Барыс» бұл жолы да жанкүйер сенімін ақтайды деген ой болған еді. Кездесу барысында қытайлық клубтан Мартен Лефевр 10-минутта мергендігімен көзге түсті. Ал Паркер Фу 28-минутта басымдықты арттырып, өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберді. Енді елордалық клуб тағы бір ойынын сырт айдында өткізеді. Олар 21 желтоқсанда Ресейдің «Трактор» (Челябі) клубтарымен шеберлік байқасады.
Одан кейінгі екі кездесуінде «Барыс» Астанада ойнап, 24 желтоқсанда Ресейдің «Трактор» (Челябі), 26 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір) командаларымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық команда мәскеулік «Динамоны» жеңіп, сәтсіздік сериясын тоқтатты.