АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізді.Қазақстандық команда соңғы сегіз ойында бірде-бір ұпай еншілеген жоқ. Салдарынан турнир кестесінде 22-орынды місе тұтып тұр. Сондықтан әрбір ойында олардың жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық еді.
Кездесу барысында командалар жылдам гол соғуға тырысты. Дегенмен бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.
Екінші кезеңде әріптестері Әлихан Өмірбеков пен Әлихан Әсетовтің берген пасын Антон Бурдасов голға айналдырып, «Барысты» алға шығарды. Ол 59-минутта бос қалған қақпаға гол соғып, қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, сегіз ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты.
Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі екі ойынын қатарынан сырт айдында өткізеді.
Алдымен 19 желтоқсанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің) командасымен кездессе, 21 желтоқсанда Ресейдің «Трактор» (Челябі) клубтарымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, «Барыс» бұдан бұрын алдағы үш ойынына қатысатын хоккейшілер тізімін жариялады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.