Елордада өткен кездесуде «Барыс» бас бапкері Михаил Кравец мынадай құрамды алаңға шығарды: Шутов (Николаев) – Масси, Данияр, Сәркенов, Шайхмедденов, Әсетов; Маккошен, Дэй, Морелли, Пилон, Бэйли; Бритиков, Приски, Өмірбеков, Томпсон, Қайыржан; Диханбек, Шестаков, Симонов, Логвин, Ляпунов.
Бірінші кезеңде екі команда да есеп аша алмады.
Екінші кезеңнің 30-минутында Джастин Бэйли Морелли мен Прискидің нәтижелі пасынан кейін «Барысты» алға шығарды. Алайда кезең аяқталар тұста «Динамо» ойыншысы Энэс есепті теңестірді.
Шешуші үшінші кезеңде қонақтар басым түсті. 49-минутта Энэс екінші шайбасын соғып, Минск командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша, «Барыс» қатарынан үшінші матчта жеңіліс тапты.
Кездесу қорытындысы:
«Барыс» (Астана) – «Динамо» (Минск) – 1:2 (0:0, 1:1, 0:1).
Шайбалар:
29:17 – Бэйли (Морелли, Приски) – 1:0;
37:39 – Энэс (Брук, Кристофер) – 1:1;
48:43 – Энэс (Липский, Лимож) – 1:2.
Қақпашылар: Шутов – Фукале.
Айып минуттары: 14:12 (6:4, 4:4, 4:4).
«Барыс» келесі кездесуін 25 қарашада өз алаңында Череповецтің «Северсталь» командасына қарсы өткізеді.
Айта кетейік, бұған дейін 20 қарашада «Барыс» Омбының «Авангард» командасынан 1:3 есебімен ұтылған еді.