«Барыс» он бір ойынға созылған сәтсіздіктен кейін жеңіске жетті

Фото: Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық команда бірінші кезеңде нәтижелі ойнай білді. Олардың қатарынан Евгений Рымарев 13, Энтони Камара 18-минутта мергендік танытты.

Екінші кезеңде Евгений Рымарев тағы бір мәрте қақпаны дәл көздеп, басымдықты арттыра түсті. Оған 44-минутта «Адмирал» сапынан Александр Горшков бір голмен жауап қайырды.

Үшінші кезеңде кейбір сәттерде ресейлік клубтың басымдығы байқалып тұрды. Ойынның бітуіне төрт минут қалғанда ресейлік команда қақпашыны алты хоккейшіге алмастырды. 

Нәтижесінде «Барыс» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.

Осылайша «Барыс» қатарынан он ойынға созылған сәтсіздіктен кейін жеңіске жетті.

Командалар 13 ақпанда да өзара кездескен еді. Бұл ойында елордалық хоккейшілер қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберген еді.

Екі команда бұған дейін 34 мәрте кездескен. Оның 18-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойындарда ресейлік команда жеңіске жеткен.

Енді елордалық хоккейшілер алдағы екі ойынын 16 және 18 ақпанда «Амур» (Хабаровск) командаларына қарсы өткізеді.