«Барыс» Ресейде «Cочи» командасынан басым түсті

Фото: Фото: hcbarys.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 17 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Cочи» командасына қарсы өткізді.

Кездесуде елордалық команда алғашқы минутта белсенділік көрсетті. Нәтижесінде Әлихан Өмірбеков 14-минутта есеп ашса, Кирилл Савицкий 15-минутта басымдықты арттырды. Ал «Cочи» сапынан Данил Мокрушев 16-минутта есеп айырмасын қысқартса, одан кейін елордалық командадан Никита Сетдиков 24-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. 

Фото: hcbarys.kz

Ресейлік клубтан Данил Авершин 29, Тимур Хафизов 32-минутта қос шайба соғып, таразы басын теңестірген еді. Келесі кезекте елордалық клубтан Кирилл Панюков 36, Антон Бурдасов 50, Кирилл Савицкий 51-минутта үш голдың авторы атанды. Осылайша «Барыс» қарсыласын 6:3 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті.

Фото: hcbarys.kz

Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі үш ойынын елордада өткізеді. Алдымен 20 қарашада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен кездессе, одан кейін 22 қарашада «Амур» (Хабаровск), 24 қарашада «Аавангард» (Омбы) клубтарымен шеберлік байқасады.