АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 10 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізді.
Кездесу барысында ресейлік клуб алғашқы болып есеп ашты. Оны 17-минутта Дмитрий Симашев өзінің еншісіне жазды. Ойынның 32-минутында Егор Сурин есепті үстемелей түсті.
Ал 54-минутта «Барыс» хоккейшісі Әлихан Әсетов мергендік танытса, 59-минутта ресейлік командадан Алексей Береглазов қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.
Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 19 қазанда 21 қазанда Беларусьте «Динамо» (Минск) клубымен кездессе, 23 қазанда ресейлік «Сибирь» (Новосібір) командаларымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, 17 қазанда «Барыс» хоккей командасының бас директоры қызметіне Нұрлан Оразбаев тағайындалды.
Сондай-ақ Ғалым Мәмбетәлиев «Барыс» командасына бас бапкер болып тағайындалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.