Биыл елордалық клуб сәтсіз ойнауға мәжбүр. Турнир кестесінде «Барыс» 25 ойыннан кейін 21 ұпаймен 20-орында тұр. Ал «Металлург» 26 ойыннан кейін 32 ұпаймен 5-орынға орналасқан.
Бүгінгі ойын барысында қазақстандық команда алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 11-минутында Аркадий Шестаков мергендік танытты.
Ал «Металлург» сапынан 25-минутта Макар Хабаров таразы басын теңестірсе, 43-минутта Егор Коробкин өз командасын алға шығарды.
Олардың қатарынан Алексей Маклюков 54-минутта көздеген нысанадан мүлт кетпесе, қазақстандық командадан Кирилл Савицкий қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.
Елордалық клуб енді 2 қарашада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) клубымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасына есе жіберді.