Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Десе де бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.
Екінші кезеңде қарсыластар бір-біріне қауіпті шабуылдар ұйымдастырумен болды. Ойынның 35-минутында төреші «Барыс» хоккейшісі Энтони Камараны мұз айдындағы дөрекі қимыл-әрекеті үшін жазалады. Бес минут бойы бір хоккейші басымдығымен ойнаған ресейлік команданың ойыншылары бұл мүмкіндікті қалт жібермей, қатарынан екі шайба соғып кетті. Владимир Ткачёв 37, Сергей Телегин 41-минутта көзге түсіп, командасына жеңіс сыйлады. Осылайша «Барыс» қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, астаналық клуб биылғы маусымды сәтсіз өткізіп жатыр. Соңғы 10 ойынның небәрі үшеуінде ғана жеңіске жетті.
Енді «Барыс» алдағы ойынын 18 қарашада Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордалық команданың Ресейдің «Северсталь» командасынан басым түскенін жазған болатынбыз.