АСТАНА. KAZINFORM — «Барыс» хоккей командасы канадалық шабуылшы Майкл Маклаудпен 2025 жылдың 31 мамырына дейін келісімшартқа қол қойды.
26 жастағы хоккейші Ұлттық хоккей лигасында «Нью-Джерси» командасы сапында 300-ге жуық ойын өткізген.
Былтыр «Девилз» сапында ҰХЛ-да 45 ойында 10 шайба соғып, 9 нәтижелі пас берді.
Сондай-ақ бұдан бұрын елордалық клуб сапына Уэйд Эллисон келді. Уэйд Эллисон хоккейшілік мансабының барлық бөлігін Солтүстік Америка лигаларында өткізген.
Олардың қатарында «Филадельфия», «Лихай Вэлли Фантомс», «Лихай Вэлли Фантомс» клубтары бар.
Биыл астаналық клуб Қазақстан Президенті кубогына қатысады.
Халықаралық турнир 14-18 тамыз аралығында елордада өтеді.
Турнирге қатысушылар қатарына «Барыстан» басқа ресейлік «Амур» (Хабаровск), «Лада» (Тольятти) командалары бар.
Сондай-ақ оған алдағы олимпиадалық іріктеудің финалдық кезеңіне дайындалатын Қазақстан құрамасы қатысады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.