Қазақстандық «Барыс» командасының орталық шабуылшысы Әлихан Өмірбековтің «Авангард» қақпасына соққан шайбасы Құрлықтық хоккей лигасының желтоқсан айында соғылған үздік голы ретінде бағаланды, деп хабарлайды Kazinform.
Бұл жөнінде Құрлықтық хоккей лигасының YouTube ресми каналы желтоқсан айында соғылған үздік голдардың топтамасын жариялады.
Нәтижесінде «Барыс» командасының орталық шабуылшысы Әлихан Өмірбековтің «Авангард» қақпасына соққан голы үздік деп бағаланды.
Әлихан Өмірбеков 2001 жылдың 14 маусымында дүниеге келген. Елордалық «Барыс» сапында 2023/2024 жылғы маусымнан бастап ойын көрсетіп келеді. Қарсыластар қақпасына үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
Оған дейін «Сенжные Барсы» клубының намысын қорғады. Ұлттық құрама сапында 13 ойын өткізіп үлгерді.
Еске салсақ, бұған дейін шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасының ықтимал қарсыластары анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.