«Барыс» - «Сибирь»: ҚХЛ ойынының тікелей көрсетілімін қайдан көруге болады
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Астанада Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатының матчы өтеді, онда «Барыс» Новосібірдің «Сибирь» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Sports.kz.
«Барыс» - «Сибирь» кездесуінің тікелей көрсетілімі Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады, оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
Қазіргі кезде «Барыстың» еншісінде 13 ұпай (15 кездесу), ал «Сибирьде» 12 ұпай (13 кездесу) бар. Тұрақты чемпионаттардың соңғы ойынында «Барыс» өз алаңында Нижний Новгородтың «Торпедосынан» 5:3 есебімен жеңіліп қалды. Бұл Астана клубының ҚХЛ-да қатарынан бесінші рет жеңілуі: Михаил Кравецтің командасы бұған дейін Ярославльдің «Локомотивіне» (1:5), Новосібірдің «Сибирине» (буллит бойынша 0:1), қазандық «Ак Барсқа» (3:4) және Челябінің «Тракторына» (қосымша уақытта 2:3) есе жіберген болатын. Ал «Сибирь» соңғы ойында Нижнекамск «Нефтехимикімен» сырт алаңда буллитте 3:2 есебімен жеңіске жетті.