Тергеу мәліметіне қарағанда, қылмыстық оқиға Канада жасөспірімдер құрамасының хоккейден 2018 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісін тойлау кезінде болған.
Аталмыш іс-шара барысында Маклауд және басқа бірнеше ойыншы әйелге сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деген айыпқа іліккен.
Полиция бастапқыда істі 2018 жылы жапқан. Алайда қоғамдық пікір туындаған соң 2022 жылы тергеу қайта жанданған.
Канада хоккей командасы жәбірленушіге 3,5 млн доллар төлеген, бірақ ойыншылар жазасыз қалған. Тек 2024 жылы қаңтарда Маклауд және 4 спортшыға сексуалдық зорлық-зомбылыққа қатысты ресми түрде айып тағылған.
Клубтың бас менеджері Олег Болякин аталмыш оқиғаға байланысты түсінік берді.
«Біз осындай деңгейдегі ойыншымен команда құрамын нығайтқанымызға ризамыз. Маклауд соңғы төрт маусым бойы «Нью-Джерси» құрамында сәтті ойнады. Командасына пайда әкеле отырып, шайбаны ойынға қосу кезінде ұтып алу бойынша НХЛ көшбаслыларының қатарынан көрінді. Канадағы оқиғаға байланысты айтарым, Майкл кінәсін мойындаған жоқ, өз мүддесін сотта қорғайтын болады. Басқа пікір айтудан тоқтала тұрамыз. Қазіргі кезде біз Маклаудты алдыңғы шептегі бірінші ойыншы ретінде қарастырамыз. Ол «Барыстың» көшбасшысы ғана емес, ҚХЛ-да танымал ойыншылардың біріне айнала алады», деді Болякин.
«Барыс» құрамына кірген Маклауд 90-шы нөмірді алып үлгерген. Ол тағылған айыпты мойындамай, сотта өзін қорғамақшы. Команда оның Астанаға әлі келмегенін жеткізді.
Сот талқысы алқабилердің қатысуымен өтетін болады.