Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірқатар өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасады. 

22 маусым күні Астанада күндіз найзағай, бұршақ жауып, дауыл тұрады.
Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с жетеді.

Шымкент қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, солтүстігінде, оңтүстігінде және облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс аумағында қатты ыстық – 35 градус болады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, ал батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болады.

Ақмола облысында түнде батысында және солтүстігінде найзағай, күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз шығысында және орталығында шаңды дауыл болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 23-28 м/с. Солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Көкшетау қаласында күндіз найзағай, бұршақ, дауыл болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында күндіз оңтүстігінде, солтүстігінде және батысында найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, солтүстігінде, шығысында және батысында екпіні 15-20 м/с. Батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе қаласында: 22 маусым күні күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысында күндіз оңтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз оңтүстігінде және таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысында күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағай болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қаласында: 22 маусым күні күндіз найзағай болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан басталып, кейін солтүстік-батысқа ауысады. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Солтүстік-батысында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өскемен қаласында: 22 маусым күні жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында күндіз оңтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде және солтүстігінде жоғары өрт қаупі болады.

Тараз қаласында: 22 маусым күні төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында күндіз таулы аудандарда найзағай болады. Жел батыстан соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады. Солтүстігінде, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Талдықорған қаласында: 22 маусым күні күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз батысында, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с. Батысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Орал қаласында: күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Қарағанды облысында күндіз батысында және солтүстігінде найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз батысында және солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Батысында, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қаласында: күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай болады, күндіз бұршақ және дауыл болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз батысында және солтүстігінде кей уақытта 23 м/с жетеді. Солтүстігінде және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай қаласында: 22 маусым күні күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде күндіз найзағай, дауыл және шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, солтүстігінде күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз қатты ыстық  40 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында: 22 маусым күні төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында түнде батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-18 м/с. Солтүстік-батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтау қаласында: түнде найзағай күтіледі.

Павлодар облысында күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай болып, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с, батысында және солтүстігінде кей уақытта 23 м/с. Шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар қаласында: күндіз найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қаласында: 22 маусым күні төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Петропавл қаласында: найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жауады. Жел түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.

Ұлытау облысында 22 маусым күні батысында және солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз батысында және солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Батысында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қаласында: төтенше өрт қаупі сақталады.