Барлық ауылға мемлекеттің қаражаты жетпейді – Ұлттық экономика вице-министрі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов алдағы уақытта Қазақстандағы 6,5 мың ауылды елді мекеннің іргелі деген 3,5 мыңына маңыз берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, Ауылдардыдамыту бағдарламасы бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырындағы арнайыкомитет арқылы жүзеге асырылатын. Мен енді ол кездегі бағыт дұрыс немесе бұрысболды деп айта алмаймын. Қазіргі кезде негізгі әкімші – Ұлттық экономикаминистрлігі. Елбасының тапсырмасымен «Ауыл – ел бесігі» жобасын қолға алып,ауылды елді мекендерді жаңартамыз деп жоспарлап жатырмыз. Бұрын республикалықбюджеттен қаражат ауылдардағы тек негізгі проблемаларды – ауыз су немесе электржелілері мәселелерін шешу үшін көзделген. Бірақ, барлық жерге әлбетте, мемлекеттіңқаражаты жетпейді. Мен атап өткендей Қазақстанда қазіргі таңда 6,5 мыңға жуықауылды елдімекен бар», - деді Ермек Алпысов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Вице-министрдіңайтуына қарағанда, жағдайы төмен, әлеуеті төмен ауылға – бірнеше жүз миллионтеңгенің су құбырлары жүргізілген жағдайлар да болған.

«Бұл реттебюджеттің қаражаты дұрыс пайдаланылмаған шығар. Сондай жағдай болмау үшін біз6,5 мыңға жуық елдімекеннен 3,5 мыңға жуығын іріктедік. Даму әлеуеті барауылдарды өркендетуіміз керек. Жұмыс ең алдымен сол ауылдардағы халық қалағакөшіп кетпеу үшін жасалып жатыр. Жолдарын, мектептерін, басқа инфрақұрылымынжөндеп беріп, бағдарламалар арқылы шаруа қожалықтарға қолдау білдірген абзал.Есептеп отырсақ, іріктелген 3,5 мың елді мекенде ауыл халқының 85 пайызы тұрадыекен. Халықтың 15 пайызы ғана қалған ұсақ елдімекендерге қаражат бөлінбейді депайта алмаймын. Қаражат бөлінеді. Бірақ, ағымды жұмыстарға беріледі. Ондайауылдарда мектеп салудың қажеті жоқ», - деді ол.

Еске сала кетсек,Ермек Алпысов бұған дейін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 5 172 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы берілгенін хабарлаған болатын.