2011 жылдың қаңтарынан бастап индекс 3653 фильмге тағайындалды. Аталған Заңда фильмдер индексациясының 6 категориясы белгіленген: «К» - әртүрлі жастағы көрермендерге арналған фильмдер, «БА» - он екі жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берілген фильмдер, «Б14» - он төрт жасқа дейінгі балаларға ата-аналарымен бірге көруге ұсынылатын фильмдер, «Е16» - он алты жасқа дейінгі көрермендерге ата аналарымен бірге көруге ұсынылатын фильмдер, «Е18» - он сегіз жастан асқан көрермендерге арналған фильмдер, «НА» - жиырма бір жасқа толған көрермендерге ғана арналған фильмдер.
«Министрліктің құзырына фильм индексін анықтаудың критерийлерін бекіту жатады. Аталған критерийлерді әзірлеу барысында, халықаралық тәжірибе жан-жақты зерделеніп, сонымен қатар қазақстандық кинодистрибьютерлер, кино таратушылар және қоғамдық бірлестіктер тартылды. Арыз-шағымдар түскен жоқ. Қызмет уақытымен және сапалы көрсетіліп келеді», - дейді министрлік.