Барлық ірі қалаларда жылу беру маусымының бастапқы айларына жетерлік отын қоры бар - С.Есімханов

АСТАНА.ҚазАқпарат - Барлық ірі қалаларда жылу беру маусымының бастапқы айларынажетерлік отын қоры бар. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОРталықкоммуникациялар қызметіндегі брифингте Энергетика министрлігі Атом жәнеэнергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов мәлім етті.

«Энергия стансаларында 3,5 мл. тонна көмір, 110 мың тоннадан астам мазутдайындалды. Бұл ірі қалаларда, барлық облыстарда жыл беру маусымының алғашқы айларына жеткілікті. Әрине, бүгінгі күні 100 пайыз дайын болу мүмкін емес. Шағын қалаларда проблема бар, бірақ олар шешілуде. Үкімет қорынан Семейге көмір сатыпалу үшін қаржы бөлінді. Қаржы министрлігі мен әкімдіктер Арқалық пен Кентау қаласында көмір жеткізу мәселесін шешуде», - деді комитет басшысы. Оның атап өтуінше, ағымдағы жылы жөнделуі жоспарланған қазандықтар мен жылужелілерінің 70 пайызы орындалған. Жөндеу жұмыстары жүргізілуде.