Барлық педагогтардың еңбек демалысы 56 күнге дейін көбейтіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тамыз конференциясы барысында «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасына тоқталған Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды ынталандырудың жолдарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Педагогтардыңмәртебесін шынайы көтеруді қамтамсыз ету маңызды. Қазір айтып жатқанымыздыңбарлығы мұғалімдерге байланысты. Бәсекеге қабілеттілікті көтеру үшін педагогтардыңжоғары мәртебесіне сөз жүзінде қол жеткізуіміз керек. Педагог мәртебесі туралызаң жобасында қолдаудың кешенді шаралары қарастырылған. Бұл ұстаз жүктемесінқысқарту, ар-абыройының сақталуына кепіл беру, материалдық ынталандыру... Соныңішінде сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін екі есе ақы төлеу, барлықпедагогтардың еңбек демалысын 56 күнге дейін көбейту, магистрлік деңгей үшінқосымша төлем және өзге де ынталандыру шаралары бар», - деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ,Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтыңқатысуымен Тамыз конференциясы өтіп жатыр.

Сондай-ақ,Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында ағылшын тілін оқыту қай сыныптарданбасталатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар