Барлық проблеманы тек денсаулық сақтау жүйесі арқылы шешу мүмкін емес - Е. Байжүнісов

None
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Біздің емханаларда күн сайын 417 мың 880 адам қаралады. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов осылай айтты.

«Бір жылда біздің емханаларда 110 млн. 989 рет, яғни күн сайын 417 мың 880 адам қаралады. Сондықтан халықтың осындай елеулі бөлігіне медициналық көмек көрсете отырып, біз медициналық мемлекеттік орган ретінде бір мезетте барлық проблеманы шеше алмаймыз»,-деді вице-министр.

Осы орайда ол екі жыл бұрын Денсаулық сақтау министрлігі жүйеде қордаланған мәселелерді шешу тұрғысында қоғамдық ұйымдарды белсенді тарту бойынша нақты айқындалған бағыт-бағдарға жол бастағанын атап өтті.

«Адамның денсаулығының 50 пайызы оның салауатты өмір салтына қатысты. Денсаулық сақтау жүйесіне тек 10 пайызы ғана тиесілі. Сондықтан да барлық проблеманы тек денсаулық сақтау жүйесі арқылы шешу мүмкін емес»,-деп түйді Е. Байжүнісов.