Бүгін еліміздің барлық түкпір-түкпірінде кеңінен аталып өткен Халықаралық балалар күнінің мерекелік шаралары өскелең ұрпақтың есінде қалар қуанышты сәттерге толы болды. Ең бастысы, бейбіт күннің шуағымен нұрланып, желкілдеп өскен құрақтай, үміт артар ұрпағымыз бар. «Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрлеген» бүгінгі ұрпақтың лүпілдеген жүрегі Отаным деп соғады. Олардың үкілі армандарының орындалуына елімізде барлық жағдай жасалған!