«Барлықтарыңыздың назарына!»: Алматы жалпықалалық сейсможаттығуға дайындалуда

АЛМАТЫ. 23 шілде. ҚазАқпарат - Бұған дейін хабарлағандай, Алматыда ағымдағы жылдың 25 шілдесінде жалпықалалық сейсможаттығу өтеді.

Бүгін қалалық төтенше жағдайлар департаментінде алдағы шараға дайындық барысына арналған БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихаты өтті.

Жалпы қалалық сейсможаттығу «Төтенше жағдайдың алдын алу және ескерту  ведомствоаралық комиссияның, қалада жер сілкінісі қаупі төнген жағдайдағы басқару органдарының іс- әрекеттері» тақырыбында өтеді. 

"Сейсможаттығудың негізгі мақсаты «Барлықтарыңыздың назарына!» дабылы бойынша халықты дұрыс әрекет етуге үйрету, сондай-ақ өз-өзіне және өзара көмек көрсету әрекеттері бойынша тәжірибелік сабақтардың сериясын өткізу болып табылады», - деді Алматы қаласы бойынша ТЖД басшысының орынбасары Нұрлан Мадияров.

Халықты құлақтандыру С-40 электрдабыл қаққыштарының 239-ын қосуға мүмкіндік беретін П-164 аппаратурасының көмегімен жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ СМС таратылып, кабельді телеарнада арнайы хабарландыру жүреді.