Соңғы 3 сағатта Ильич кентінің тұсында Обь өзеніндегі су деңгейі 701 сантиметрге жетіп тұр, дегенмен су кент көшелерін толтыруды жалғастыруда. Өз үйлерінде қалған тұрғындарға мүліктерінің сақтау жағдайларын қамтамасыз етуде көмек көрсетілуде.
№56 мектепте орналастырылған уақытша жайластыру пунктіне жүгінген тұрғындар саны 36 адамға дейін жетті. 17 адам көшіру пунктіне қонуға тілек білдірді, олардың ішінде төрт бала бар. Уақытша орналастыру пунктін полиция күзетуде. Кентте полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылды. Электрмен жабдықтауда үзіліс жоқ.
Бұдан бұрын бұзылған бөгеттен Ильич кентіне ағылған су Заозерное, Кораблик аралы көшелеріне, сондай-ақ ішінара Красноярская көшесіне, қалқыма көпірге жеткені хабарланған болатын. Бұл көшелерде 373 тұрғын үй бар, суға кеткен учаскелер мен үйлердің саны нақтылануда, делінген Барнаул мэриясының хабарламасында.