Райан Барнеттің Ли Хаскинсонға қарсы маусым айында өткізген титулдық жекпе-жегі 4500-ге жуық көрермен жинады. Хирннің сөзіне қарағанда, «SSE Arena» кешенінде Жақияновқа қарсы өтетін біріктіруші айқасқа сатылған билеттер саны бірнеше күнде-ақ бұл көрсеткіштен асып түскен.
«Біз Барнетт - Жақиянов айқасына 5 күннің ішінде Барнетт - Хаскинс жекпе-жегіне қарағанда билеттерді көбірек саттық. Шиеленісті атмосфера болғалы тұр!», - деп жазды промоутер Твиттерде.
Еске сала кетейік, аталмыш кездесуге билеттер келесідей бағамен сатылуда: 33 фунт-стерлинг (14 850 теңге), 44 фунт-стерлинг (19 800 теңге), 65 фунт-стерлинг (29 250 теңге), 105 фунт-стерлинг (47 250 теңге) және VIP-билеттер 150 фунт-стерлингтен (67 500 теңге).