Оның промоутері Эдди Хирн клиентінің бірінші жеңіл салмақтағы келесі титулдық жекпе-жегін ұйымдастыруға асығып отыр.
«Біз ақпанда немесе наурызда дивизионның қалған белдіктерін жинап кету үшін осында [Белфастқа] келуді қалаймыз. Бұл дивизионда WBA-дің «тұрақты» чемпионы Джейми Макдоннелл, WBO чемпионы Золани Тете бар, ал WBC белдігі әзірге бос тұр. Райан солардың барлығын сыпырып алуды қалайды», - деді Хирн Sky Sports арнасына берген сұхбатында.
Еске сала кетсек, Барнетт Жақияновты төрешілердің шешімімен жеңген болатын, IBF және WBA (Super) нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулдары енді соның иелігінде.