Барсакелмес қорығындағы Борщов қызғалдағы гүлдеді

ҚЫЗЫЛОРДА. қАЗаҚПАРАТ - Қызылорда аумағындағы «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығындағы Борщов қызғалдағы гүлдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл - ресейлік ботаник Илья Григорьевич Борщовтың есімімен аталған Арал теңізі өңірінің эндемигі. Аталмыш қызғалдақ түрі «Барсакелмес» қорығында көптеп кездеседі, сәуір-мамыр айларында гүлдеп, мамыр-маусым айларында жемістенеді. Жемісі — үш ұялы көп тұқымды қауашақ.

Естеріңізге сала кетейік, әлемде қызғалдақтың 3000-ға жуық түрі бар. Біздің елімізде 35 түрі өседі, 18-і Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, оның ішінде Борщов қызғалдағы да бар.