Мәскеуден ұшып келе жатқан UTair әуекомпаниясының Boeing 767 ұшағы ұшу алаңындағы Аргентинаның Airbus A340 ұшағымен соқтығыса жаздап, ұшқыштың шұғыл шешімінің арқасында әуеге қайта көтеріледі. Апатты жағдайдан аман қалған ұшақ екінші айналымда сәтті қонған. Ресейлік мамандар бұл диспетчерлердің қателігі болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Алайда, испаниялық «Метро» газеті ешқандайда қатерлі жағдай болмады деп жазады. Басылымға сұхбат берген әуежай өкілдері мұндай жағдай ауа-райы қолайсыз кезде болып тұрады деп мәлімдеген. Аргентиналық мамандар да испаниялық әріптестерін қолдап отыр.