Бұл туралы каталондық клубтың ресми твиттерінде жазылды.
«Барселона» ФК бұл шешімге наразылық білдірмекші, өйткені Суарестің өзі тіл тигізу лексикасын қолданбағанына, ал арбитр есебіндегі мәліметтер жалған екенін айтып, сендіруге тырысуда. Егер матчтарға қатысу құқығынан айыру өз күшін жоймаса, Суарес Испанияның кубогының екі ойынынан тыс қалады.
Бұған дейін «Эспаньола» ойыншылары Суарестің алдымен тіл тигізгенін, жанжал кезінде уругвайлықтың нәсілшілдікке қатысты біраз сөздер айтқанына сендіруі хабарланған еді.