«Барселона» Мессимен келісімшартты 2022 жылға дейін ұзартқысы келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселона» президенті Хосеп Бартомеу шабуылшы Лионель Мессиге жаңа келісімшарттың үлгісін жіберді.

Sports.es хабарлағандай, каталондықтар 29 жасар аргентиналықпен келісімшартты 2022 жылға дейін созбақшы.

Өзінің мансабында тек «Барселонада» ойнаған аргентиналық футболшы ағымдағы маусымда 26 матчқа қатысып, 28 гол соққан және 9 голға мүмкіндік жасады.