Қазір Санчес «Арсеналға» ауыспақшы. «Барселона» басшылығы Бразилияда әлем чемпионаты ойынында Италия құрамасының қорғаушысы Джорджо Кьеллиниді тістегені үшін Суаресті ойынға қатысу құқығынан айырғаны клубты еш алаңдатпайтынын байқатты.
ФИФА шешімі бойынша, шабуылшы Уругвай құрамасының тоғыз ойынына қатысу құқығынан айырылып, төрт ай ішінде футбол қызметіне араласудан аластатылды. Алайда Суареске басқа клубқа өту үшін медициналық тексеруден өтугежәне маусымаралық жаттығуға қатысуға рұқсат берді.
Өткен маусымда Суарес «Ливерпуль» үшін 33 кездесуде 31 доп соғып, ағылшын чемпионатының үздік шабуылдаушысы атанған.