«Барселона» 11 шілде күні Уругвай құрама командасының шабуылшысымен 5 жылдық келісімшартқа отырғанын жариялаған болатын. Келесі аптада Суарес «Барселонаға» медициналық тексерулерден өту үшін барады. Көпшілікке белгілі, Бразилиядағы Әлем чемпионатында итальяндық Джорджо Кьеллиниді тістеп алғаны үшін ФИФА Суаресті 4 ай футболға қатысты кез келген шарадан аластау туралы шешім қабылдаған. «Суарес футболға қатысты қоғамдық шараларға да, қайырымдылық акцияларына да қатыса алмайды», - деді ФИФА өкілі Д.Фишер.
23:32, 13 Шілде 2014
«Барселона» Суаресті таныстыра алмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселона» жаңа ойыншы уругвайлық Л.Суарес үшін баспасөз мәслихатын және ресми таныстыру шарасын өткізсе, футболшыға салынған тыйымға байланысты жанжал тууы мүмкін. Бұл туралы Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясы өкілі мәлімдеді, деп хабарлады «РИА Новости».