Барселонада 325 көне монетаны шығаруға әрекеттенген ресейлік азамат ұсталды

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Барселонада 325 көне монетаны әкетпекке әрекеттенген ресейлік азамат қолға түсті.

Бұл туралы испандық БАҚ хабарлайды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарихи құнды шақалардың топтамасын тәркіледі. РФ азаматының қол жүгінен алтын мен күмістен құйылған 325 монета шықты. Олар Барселонаның "Эль-Прат" бас әуежайындағы Т1 терминалындағы кедендік бақылау кезінде табылған.

Жолаушыдан Барселонадағы дүкендердің бірінің чегі болған. Ер адам шақаларды сонда сатып алғанын айтып ақталуда. Алайда бұл Испаниядан тарихи құнды заттарды шығаруға жеткіліксіз болып шықты.