Агенттік таратқан мәліметтерге қарағанда, сағат 01-00-дер шамасында Франция, Германия, Испания, Нидерланды, Аргентина, Венесуэла, Бельгия, Австралия, Венгрия, Перу, Солтүстік Ирландия, Греция, Куба, Македония, Қытай, Румыния, Алжир сияқты елдердің азаматтары зардап шеккендігі белгілі болды.
Айта кетейік, Барселонаның орталығындағы Рамбл көшесінде фургон адамдарды қағып өтіп, 13 азамат құрбан болды, 100 адам зардап шекті. Аталмыш теракт үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» ұйымы мойнына алды.