Жергілікті билік шектеулерді соңғы аптада COVID-19 вирусына шалдығу оқиғаларының саны айтарлықтай өсіп кеткеннен кейін енгізу туралы шешім қабылдаған. Өңірлік үкімет жаңа шектеу шаралары туралы жұма күні хабарлап, тұрғындардан үйлерінен аса қажет болмаса шықпауын сұрады. 10 адамға дейін жиналатын қоғамдық шараларды өткізуге рұқсат беру туралы шешім қабылданды. Мейрамханалар мен барлар адамдарға 50 пайызға дейін толып жұмыс істейтін болады. Ал түнгі клубтар, кинотеатрлар, театрлар мен спорт залдарының жұмысы тоқтады.
Барселона мен оның астаналық аймағы – Каталониядағы халық тығыз орналасқан аудан, коронавирус инфекциясына шалдығудың 70-ке жуық пайызы дәл сол жерде анықталған.
Жұма күні аймақтық денсаулық сақтау органдары өңірде соңғы 24 сағатта жаңа 1293 оқиға туралы хабарлаған, соның ішінде індетке шалдыққан 884 адам – Барселонаның астаналық ауданынан.
Ресми мәлімет бойынша, Каталонияда пандемия басталғаннан бері COVID-19 жұқтырудың 80 700-ден астам оқиғасы тіркелген.
Шектеулер Лерида қаласына да тиесілі. Осы аптаның басында Каталонияда үлкендігі жағынан екінші орында тұрған Оспиталет-де-Льобрегат қаласында арнайы шаралар қабылданған.
Испанияның Каталониямен көршілес Арагон аймағының солтүстік-шығыс бөлігінің кейбір аудандарында да COVID-19 вирусының таралуын ұстап тұруға бағытталған жаңа шектеулер енгізілді. Арагон билігінің тері фермасында коронавирус анықталған 92 мыңға жуық қаракүзенді өлтіру (жансыздандыру) шешімін қабылдады. Соның салдарынан ферманың бірқатар жұмыскері коронавирус жұқтырып алған. Сарагоса мен Уэска қалалары бейсенбі күні тіркелген 272 жаңа оқиғадан кейін шектеулерді қалпына келтірді.
Еске сала кетейік, Испания – Еуропада COVID-19 вирусынан ең көп зардап шеккен елдердің бірі. Онда ауру жұқтырудың 250 мыңнан астам оқиғасы мен 28 мыңға жуық өлім оқиғасы тіркелді.