Барселонада концерт сахнасынан өрт шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Барселонада өткен Tommorrowland фестивалінде сахнадан өрттің шығуына байланысты көрермендер мен персоналдар жедел түрде қауіпсіз аумаққа шығарылды, деп хабарлайды БЕЛТА.

Сахна жақтан шыққан өртке пиротехникаларды дұрыс пайдаланбау себеп болған. Сахнаның шетінде тұрған акустикалық жүйе тұтанған. Нәтижесінде 22 мың адамды қауіпсіз аумаққа шығаруға тура келді.

Абырой болғанда, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.