Барселонада мыңдаған адам баспана жалдау құны қымбат деп ереуілге шықты

Фото: Видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Испанияның Барселона қаласында бірнеше мыңдаған адамның қатысуымен шеру өтті. Оған қатысушлар туристік мегаполистегі баспананы жалға алу құнын төмендетуге шақыруда. Бұл Kazinform-ның меншікті тілшісі хабарлады.

Жергілікті Жалға алушылар одағы ұйымдастырған наразылық шарасы бүгін Барселонаның Унивесритеттік алаңында Мадрид уақытымен шамамен 17-00-де басталды. Шерді 4 мыңнан астам ұйым, 60 комитет, 2 мыңнан астам адам қатысты.

Наразылық шарасына қатысушылар жалға алу құнын 50 пайызға төмендетуден бөлек мынадай талаптар қойып отыр: жалға алушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және алыпсатарлық сатып алуларды тию үшін мерзімсіз келісімшарттарды ілгерілету.

«Біздің қаламызға әртүрлі инвесторлар келіп, „Монополия“ ойынындағыдай пәтерлермен ойнамауы тиіс», — деп мәлім етті шеру алдында сөз сөйлеген Жалға алушылар одағының өкілі Карме Аркарасо.

Барселона әлемде туристер үшін өте тартымды қалалардың бірі саналады. Сондықтан да соңғы 10 жылдың ішінде қалада пәтерлерді жалға алу құны 68, ал сатылатын үйлердің бағасы 38 пайызға қымбаттап отыр. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар наразы. Өйткені, жастар мен жас отбасылар жаңа баспана сатып ала алмайды.